Қош келдіңіздер!
Еліміздің жаңашыл құқықтық саясаты прокуратура органдарын барлық құқық қорғау органдарының ұйытқысы ретінде айқындаған. Оның алдына қадағалау қызметінің тиімділігін арттырып, үйлестіруші функциясын және процессуалдық негізін жетілдіру секілді нақты мақсаттар мен міндеттер жүктелді. Бұл міндеттерді еңсеру үшін жұмыстың түрі мен әдістерін жетілдіріп қана қоймай, және кадр саясаты тұрақтылығын қамтамасыз ету, қызметкерлердің біліктілігіне қойылар талап жауапкершілігін күшейту қажет.
Прокуратураның жетекші ролі Институтқа өзекті әрі маңызды міндеттер – Қазақстандағы заңгер кадрлардың әлеуетін арттыру және дайындау, қайта даярлауда алдыңғы қатардан көріну үшін өз қызметінің сапалылық сипатын арттырып және модернизациялауды жүктейді.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратура Институтының директоры












